Текст
Біржан сал ауданының Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінде «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты 10 күндік аясында «Балаға жүрек жылуы» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сабақ барысында оқушыларға 12 ақпан С.А.Назарбаеваның туған күні екендігі және бұл күннің біз үшін ерекше күн екендігі айтылды. Сондай-ақ С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып, жаңа мәліметтер берілді.