"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос қызмет орындарына конкурс өткізіледі

Бос қызмет орындарына  конкурс өткізіледі

Біржан сал ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі  «Қалалық №1 орта мектебі», «Макин орта  мектебі», «Совет негізгі мектебі» мемлекеттік мекемелерінің директорларының  бос лауазым орындарына  конкурс  жариялайды. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі педагогикалық білімінің болуы;

2) педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы, сонымен қатар  басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бір жылдан кем болмауы, шағын жинақталған мектептерде басшылық қызметтегі еңбек өтілі қажет емес;

3)  бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, ЖОО қызметкерлерін, әдістемелік қызмет қызметкерлерін есепке алмағанда);

5) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы алғашқы медициналық құжаттардың нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулығы жайлы анықтама;

6)  сотталмағаны жайлы анықтама.

Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесе отырып іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, бағдарламалар мен жұмыс жоспарларын бекітеді. Бекітілген учаскедегі балаларды жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз ету заңына сәйкес жалпыға міндетті оқытумен қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді.  Педагогикалық ұйымдар, әдістемелік бірлестіктер, балалар ұйымдары қызметіне ықпал етеді. Білім беру құқығына берілген лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан шыққан тәрбиеленушілердің заңды құқығы мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және басқа да) қорғайды, олардың туысқандық байланысын қолдай үшін оларға жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайды. Оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдай жасайды. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен құралдарына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есебін береді.

      Нормативтік талаптарға сәйкес есеп жүргізіп, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі ережесін, санитариялық-гигиеналық режимді, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау үшін жауап береді.

      Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға қатысады. Қызмет барысында айрықша көзге түскен оқытушылар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлерін өзінің құзыретіне қарай марапаттауға және көтермелеуге ұсынады және өз құзыретінің шегінде жаза қолданады.

      Жұртшылықпен, ата-аналармен (немесе оларды алмастырушы адамдармен) байланысты жүзеге асырады. Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есеп құжаттарын дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгерген.

Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуі  керек. Қызметтік міндеттерді атқаруға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді білуі қажет.

Лауазымдық еңбекақысының көлемі жұмыс өтіліне байланысты.

Конкурсқа қатысу үшін бос қызмет орнына  кандидат хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға:

  1. конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
  2. жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
  3. білім туралы құжатының көшірмесі;
  4. еңбек кітапшасының көшірмесі;
  5. жұмыс орнының кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
  6. бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. бар біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
  8. медициналық куәландырудан өтуі туралы құжат;
  9. сотты болмағандығы туралы анықтама;
  10. мектептің перспективалық даму жоспарын  ұсынуы қажет.

Жоғарыда аталған құжаттардың бірінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарын қайтарып беруге негіз болып табылады. Конкурсқа қатысуға ұсынылатын құжаттар нотариалды немесе кадр бөлімімен куәландырылған болуы қажет.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру аудандық «Еңбекшілдер жаршысы-Вести Енбекшильдерья» газетінде және «Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі» ММ ресми сайтында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде мына мекен-жайға ұсынылуы тиіс: Степняк қаласы, Біржан сал көшесі, 76, кадрлар бөлімі.

Анықтама  телефоны: (71639) 2-16-50.

Жаңартылған күні: 22.01.2021 17:07
Құрылған күні: 22.01.2021 17:07

Текст