Текст
Елбасының үстіміздегі жылды жастар жылы деп атап өткені баршамызға белгілі, аталған жылды Біржан сал ауданының жастары жеңіспен бастады. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылы 30-31 күндері Астанаға қаласындағы «Казмедия» орталығында алғаш рет ұйымдастырылған «ArmandaStar» Республикалық жас таланттар конкурсында «Жаңаша би» аталымында ауданымыздың намысын қорғаған «Арай» би ансамблі жетекшісі Арайлым Ерікқызы дипломант атанса, «Ән орындау» аталымы бойынша бағын сынаған Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің 8 сынып оқушысы Мағжан Жұлдыз жетекшісі Сандуғаш Балтабекқызы бас жүлдені жеңіп алды. Ауданымыздың тұрғындарын атаулы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!