Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын және Қазақстан Республикасының Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспары іске асыру шеңберінде 2019 жылы облыстың барлық мектептерінде тегін ІТ-сыныптарын ашу жоспарланған.
2019 жылдың 16 қаңтарында Ақмола облысы Біржан сал ауданында «Қалалық №1 орта мектебі» ММ базасында IT-сыныптар үшін бекітілген бағдарлама аясында болған курстарды аяқтап келген информатика пәні мұғалімдері(Сагинтаева К.А., Андреева В.Ю.) аудан мектептерінің мұғалімдерін компьютер арқылы ақпаратпен және коммутациялық технологиялық құралдарды жобалық қызметте пайдалану, балалармен әрі қарай оқу, ойын түрінде көрнекі бағдарламалау жасау, анимациялау, сондай-ақ өздерінің роботтар мен командаларын жасауға арналған оқыту семинары өтті.