"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Парламент депутатпен кездесу

08.02.2019

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазовтың Біржан сал ауданына жұмыс сапары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет Комитетінің мүшесі Шакир Хахазов жұмыс сапарымен біздің ауданға келіп кетті. Жұмыс барысында халықтың талап-тілектерін білу үшін халық қалаулысы бірқатар еңбек ұжымдарына барып тұрғындармен кездесті, жергілікті жерлердегі мемлекеттік бағдарламалар қалай іске асырылып жатқанын көзбен көру мақсатында әлеуметтік және өнеркәсіптік сала объектілерін көріп шықты. Оның ішінде орталық аудандық аурухана, бас дәрігердің міндетін атқарушы Марат Досетов оған бағынысты мекеменің жай-күйі туралы хабардар етті. Шакир Хахазов оқу-өндірістік комбинатының материалдық-техникалық базасымен және оқу процесін ұйымдастыру барысымен танысты. Сондай-ақ, оқытушылармен орта білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша кездесу өткізді. Оқытушылар оқушылармен бірлесіп әзірлеген робототехника бойынша жұмыстарын ұсынды. Сол күні Мәжіліс депутаты "Қаз Гер Құс" ЖШС мен Біржан сал атындағы мәдениет үйін де көріп шықты. Еңбек ұжымдарымен кездесу кезінде халық қалаулысы Мәжілістің есепті кезеңдегі жұмыс нәтижелерімен таныстырды, мемлекет Басшысының "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі қағидалар мен мақсаттарды түсіндірді, сондай-ақ мемлекет Басшысысының бастамасын қолдау үшін қабылданып жатқан заңдарға баса назар аудартып депутаттардың заңдық қызметтері жайлы айтып берді. Кездесу барысында әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді, оған депутат тиісті түсініктемелер берді, ал айтылған ұсыныстарды өзіне мәлімет үшін қабылдап алды. Жұмыс сапарын қорытындылай келе, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шакир Хахазов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң баға берді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.02.2019 10:08
Құрылған күні: 08.02.2019 10:29

Текст