"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауғанстан ардаргерлерімен кездесу

08.02.2019

4 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына отыз жыл толуына арналған ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне қазіргі уақытта Красный яр ауылында тұратын ауыл азаматтары Жұмаділов Жанат пен Жақсылықов Алтай ағаларымыз келді. Кеш барысында аталған тарих беттерін парақтап бүгінгі күнге жетіп отырған ағаларымызбен сұхбат жүргізілді.Оқушылар сұрақ қойып, қонақтарымыз өз естеліктерімен бөлісіп, жастардың бейбіт өмірдің бағасын білуге шақырды. Оқушылар ардагерлерге өлең-жырларын арнады. Ауыл кітапханасының кітапханашысы Нұрмағанбетова Бақыт Зейноллақызы «Қара майор» кітабындағы басты кейіпкер Керимбаев Борис Түкенұлы туралы мағлұмат бере отыра, осы адам туралы бейнефильм көрсетті. Кеш соңында қонақтарымыз оқушыларға жақсы тілектер айтып, алғыстарын білдірді. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Магзумов Есжан Сағындықұлы оқушыларға патриотизмнің озық үлгісін көрсетіп жүрген ауған соғысы ардагерлеріне алғысын айтты.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.02.2019 10:05
Құрылған күні: 08.02.2019 10:09

Текст