Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі №806/15-11-04 хатының негізінде ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі 9 қазан күні Степняк қаласы Абай атындағы №2 ЖОББМ базасында басталып, 11 қазан аралығында өтті. Ауданнан 10 жалпы білім беретін мектептерінен және 4 негізгі орта мектептерінен барлығы 73 оқушы қатысты.