Текст
Республика күніне орай 2024 жылдың 22 қазанында «Андықожа батыр ауылының ЖОББМ» жанындағы «Балдәурен» шағын орталығының салтанатты ашылуы өтті. Бұл орталық балалардың жан-жақты дамуына, олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін арттыруға бағытталған. Салтанатты лента қию рәсімін аудан әкімі Есжанов Достанбек Берікұлы мен ауыл ақсақалы Закенаев Жанай Негметжанович өткізді.