2025 жылдың 29 сәуір күні Біржан сал атындағы аудандық Мәдениет үйінде биылғы белгіленген жұмысшы мамандықтар жылы мен ауданымыздың олимпиада, байқауларда ерекшеленіп, жүлделі орындарды иеленген оқушыларға арналған «Дарынды балалар – ел болашағы» атты аудандық форум болып өтті. Форум өткізудегі басты мақсат- мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды ақпарат алып, дұрыс шешімдер қабылдау. 2025 жыл жастар үшін өз болашағын айқындап, еңбек адамы ретінде мақтанышпен алға қадам басатын ерекше мүмкіндік. Форум жұмысына аудан басшылары, шақырылған қонақтар, өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер қатысып, балаларға біраз ақпараттарымен бөлісті. Форум жұмысының соңы жүлдегерлерді аудан әкімі марапаттап, сыйлықтар тапсырды. Кеш концерттік бағдарламамен аяқталды.