"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«РоботСумо» санатындағы робототехника бойынша аудандық жарыстар өтіп

18.03.2026

2026 жылдың 18 наурыз күні  Степняк қаласындағы  Абай атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында «РоботСумо» санатындағы робототехника бойынша аудандық жарыстар өтіп, аудан мектептерінен 8 команда қатысты. Аталған іс-шараның ұйымдастырушысы- «Біржан сал ауданының білім бөлімі». Конкурстың мақсаты: балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, жеке тұлғаның бәсекелестік артықшылықтарын, шығармашылық құзыреттілігін, білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру үшін жағдай жасау. Робототехника жарысының қорытындысы бойынша Үлгі ауылының командасы І орын, Абай атындағы № 2 ЖОББМ-нің  командасы  ІІ орын, Макинка ауылы ЖОББМ-нің командасы ІІІ орынға ие болды. Жүлделі орындарға ие болған барлық қатысушыларға кубоктар мен дипломдар, медальдар мен  сыйлықтар табысталды.  Қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар, сондай-ақ  ынталандыру сыйлықтары, команда жетекшілері  Алғыс хаттармен  марапатталды.

Просмотров: 83


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст