"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорттық өрмелеуден облыстық жарыс

20.05.2026

2026 жылғы 19-20 мамыр күндері Көкшетау қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектеп базасында Ақмола облысының «Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық даярлық орталығының жасанды рельефтегі спорттық құзға өрмелеу бойынша Кубогы» жарысы өтті. Жарысқа Көкшетау қаласының «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығы мен «Оқжетпес» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары, Бурабай ауданының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы және Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы КММ ОӨК жанындағы «NONAD» туристік үйірмесінің командасы қатысты. Туристік үйірменің намысын келесі оқушылар қорғады: Владимир Корниенко, Темірхан Асанұлы, Дарья Стыбаева, Артем Кулик, Даниил Долженко, София Тихонова, Илья Семёнов, Глеб Николаев, Аяжан Талғатова, Виктория Корниенко, Мария Зыкова, Дания Бекмұхамбетова, Мансур Оразғалиев. Жарыс қорытындысы бойынша оқушылар келесі орындарға ие болды: Ұлдар арасында Даниил Долженко 2012-2013 жылдар арасынан қиындыққа өрмелеуден І орын, жылдамдыққа өрмелеуден ІІ орын алды; Артем Кулик 2012-2013 жылдар арасынан қиындыққа өрмелеуден ІІ орын иеленді; Қыздар бойынша Аяжан Талғатова 2014-2015 жылдар арасынан жылдамдыққа өрмелеуден ІІІ орын алды; Дарья Стыбаева 2007-2011 жылдар арасынан жылдамдыққа өрмелеуден ІІІ орын және қиындыққа өрмелеуден ІІІ орын иеленді. Барлық жүлдегерлер грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды

Просмотров: 799

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст