Мектеп оқушылары арасындағы қаржылық сауаттылық олимпиадасы

04.11.2026

2026 жылғы 3 қарашада 9, 10 және 11-сынып оқушылары арасында қаржылық сауаттылық олимпиадасының I (мектепішілік) кезеңі өткізілді. Олимпиадаға Біржан сал ауданының 8 мектебінен 59 оқушы қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру, жеке қаржыны тиімді әрі ұтымды басқару дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдана білу қабілеттерін дамыту.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар II (облыстық) кезеңге жолдама алды. Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Келесі кезеңде сәттілік, биік белестер мен жоғары нәтижелер тілейміз!

Просмотров: 104


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу