«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық ІІ слеті |
7-8 қыркүйек күндері Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарғаарналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын орындау аясында, Ақмола облысының Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы «Aurora Ggarden» отбасылық демалыс орталығында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық ІІ слёті өтті. Слётті өткізудің негізгі мақсаты-рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиені дамыту, парасатты, жауапкершілігі мол, бастамшыл және әлеуметтік тұрғыда құзыретті азаматты қалыптастыру. Слётке Ақмола облысының барлық аймағынан келген мектеп оқушылары қатысты. Біржан сал ауданының атынан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жас слётіне Казгородок орта мектебінің «Жас Заңгер» командасы қатысты. Олар: Шарипова Аружан, Алдаберген Арайлым, Ерлан Айгерім, Қасым Алтынай, Мамай орта мектебінен Мұсабаева Ділнәз. Слёттің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Райхан Ғазизқызы Братаева сөз сөйлеп, оқушыларды түрлі номинациялармен марапаттады. Ауданымыздан Мамай орта мектебінің оқушысы «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» атты эссе байқауына қатысып үшінші орынды иеленді. Түскі үзілістен кейін, қатысушы жастар «Aurora Ggarden» отбасылық демалыс орталығы алдында «Бір ел.Бір тағдыр. Бір болашақ» атты флэшмоб өткізді. Шара барысында оқушылар арнайы «Адал ұрпақ» төсбелгісімен марапатталды. Оқушылар арасында «Адалдық алаңы» «Адал ұрпақ» квест –ойыны өткізілді. Аталған слётке аудандық, облыстық «Адал Ұрпақ» ерікті клубтарының делегаттары қатысып, дөңгелек үстел өткізілді. Қонақтармен еркін пікір алмасу өткізіліп, жетекшілер өз ойларын ортаға салды. «Адал ұрпақ» клубтарының белсенділерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша тоқталды. Келесі кезекте Казгородок орта мектебінің «Жас Заңгер» клубының мүшелері мектептегі «Адал Ұрпақ» ерікті клубының бір жылдық жоспарымен слайд арқылы таныстырып, видео ролик көрсетті. Шара соңында оқушыларымыз сертификатпен марапатталды.
|