Текст
2018 жылы 17-18 қараша күндері «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет үйінде «Жайдарлы Жас Ұлан» интелектуалды сайысы өтті. Біржан сал ауданының намысын қорғаған Казгородок орта мектебінің «Кілең командирлер» тобы белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталса, топтың басшысы Балтабай Арнет «Ең үздік капитан» атағын жеңіп алып арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Өнерлі
жастарымыз көп болсын!