Текст
2022 жылы ақпан айының 23 күні аудан бойынша математика пәні мұғалімдерінің съезге қатысушысы З.Б.Қалиевамен кездесу өтті. Математика пәні мұғалімдерінің съезі 17 ақпан күні Қарағанды қаласы Е.А.Букетов атындағы университетте өтті. Съезге қатысушымен аудан бойынша 35 пән мұғалімі қатысып, өз сұрақтарын қойды. З.Б.Қалиева өзінің кездесуден алған әсерлерімен бөлісіп, пән мұғалімдерін мазалаған сұрақтарға жауап беруге тырысты. Сонымен қатар оқу бағдарламасы мен кітап туралы өз ойларымен бөлісті. Президенттік олимпиада және ҰБТ сұрақтарын талқыға салды. Мұғалімдердің пәндік олимпиадаларға қатысып, жаңа аттестация ережелерімен танысып, портфолионы рәсімдеу сұрақтары да қозғалды. Кездесу жоғары деңгейде өтті.