Текст
Жаңа жыл 2019!
2018 жылы 26 желтоқсанда Ақмола облысы Біржан сал ауданында «Әйгерім» кафесінде аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өткізілді. Аталған шараға арнайы келген аудан әкімі Нұғыманов Ермек Бекенұлы оқушыларды мерекемен құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарды салтанатты түрде табыс етті. Аталған шараның өтуіне үлес қосқан және демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтамыз.