2019 жылы 04 мамыр күні Біржан сал ауданының Донской орта мектебінде Жаратылыстану математика, дене шынықтыру бағыты бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің аудандық семинары: «Оқушылардың білімін тәжірибеде қолдана білу тәсілдерін дамыту» атты тақырыбында семинар өтті. Семинар аясында қазақ сыныптарында математика пәнінен 5 сыныпта " Шебер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор "(Ахай Жанаргуль), география пәнінен 7 сыныпта "Дүниетану елдерінің географиялық жағдайы" (Рахимжанова Бибігүл), дене шынықтыру пәнінен 4 сыныпта "150 гр. кіші допты қашықтыққа лақтыру" және футболдан мастер-класс (Батхан Болатбек) ашық сабақтарын өткізді. Орыс сыныптарында: биология пәнінен 7 сыныпта «Прямой и непрямой типы онтогенеза у животных. Примеры насекомых с неполным и полным превращением» (Амиржанова Кунсулу), физика пәнінен 7 сыныпта «Нахождение центра тяжести.Лабораторная работа» (Уразбекова Фаузия), дене шынықтыру бойынша 2 сыныпта «Играть с мячом и партнером. Работа с мячами, пасы друг другу» және баскетбол бойынша мастер-класс көрсетті (Арапов Сергей). Барлық сабақтар жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Семинарға қатысқан барлық мұғалімдер жеке-жеке өз ойларын, пікірлерін, ұсыныстарын айтып, әр мұғалімнің сабақтарына баға берді. "Үздік сабақ" сертификатына қазақ сыныптарында атап өтсек: география мұғалімі Рахимжанова Б. Т. және дене шынықтыру мұғалімі Батхан Болатбек; орыс сыныптарында: физика мұғалімі Уразбекова Ф. А. және дене шынықтыру мұғалімі Арапов С. В. ие болды. Тәжірибе алмасу үшін осындай семинарларды жиі өткізуге тілек айтылды.