2019 жылы 23 мамыр күні Біржан сал ауданының Алға негізгі мектебінде сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында «Адалдық дүкені» ашылды. "Дүкеннің" басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы. Мұнда сатылымда шырындар, сусындар мен пісірілген өнімдер қойылады. Қажетті тауарды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді оқушылардың ар-ожданы біледі! Барлық жауапкершілік осы акция адалдығына есептелген оқушылардың өзіне жүктеледі. Лента қию рәсімі Уәлихан ауылдық округінің бас маманы Қанат Қубайдулловнаға және мектеп директоры Қымбат Қаудановнаға берілді. Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді деген сенімдеміз.