Текст
2019 жылы мамыр айында ұйымдастырылған Республикалық "Ең үздік авторлық бағдарлама -2019" байқауының облыстық кезеңінде бақ сынаған Біржан сал ауданы, Донской орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Смагулова Гульмира Каировнаның "Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарындылық қабілеттерін дамыту" (мұғалімдерге арналған көмекші құрал) тақырыбындағы авторлық бағдарламасы жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Алдағы уақытта қараша айында Алматы қаласында өтетін Республикалық байқауда Ақмола облысының намысын қорғайтын болады. Әріптесімізге сәттілік тілейміз!!!