Текст
Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 14 қазан күні жалпы орта білім беретін мектептерінің информатика пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинары өткізілді. Аудандық іс шара Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында ұйымдастырылды. Оқыту семинарында «Заозерный ауылының негізгі орта мектебінің» информатика пәні мұғалімі Анесова Гулжан Жумабековна «Python тілінде бағдарламалау» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетті. Семинар әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде өткізілді.