20-қазан республикалық Лингвистика олимпиадасының аудандық кезеңі Степняк қаласының №1 ЖОББМ базасында өткізілді. Аудандық кезеңге барлығы 8-11 сыныптар арасында 31 оқушы қатысып өз білімдерін көрсетті. Тапсырмалар логикалық түрде құрастырылған. 1-орынға ие болған оқушылар Нуркушев Д Степняк қ. №1 ЖОББМ 8-сынып оқушысы, Клышпаева А.- Бірсуат ауылының ЖОББМ 9- сынып оқушысы, Айдархан О-Еңбекшілдер ауылының ЖОББМ 10-сынып оқушысы, 2- орынға Абушахманова А.-Құдықағаш ауылының Р. Елебаев атындағы ЖОББМ 9-сынып оқушысы, Ғабитова Е.-Аңғал батыр ауылының ЖОББМ 8-сынып оқушысы, Рафизова С.-Құдықағаш ауылының Р. Елебаев атындағы ЖОББМ 10-сынып оқушысы, 3-орынды Нуржанова Д.-Краснофлот ауылының НОМ 9-сынып оқушысы, Турумбетова Д-Абай атындағы № 2 ЖОББМ, Шинабек М.-Абай атындағы №2 ЖОББМ, Алиев А.-Степняк қ., №1ЖОББМ, Тасболатова А-Бірсуат ауылының ЖОББМ 11-сынып оқушысы иеленді. Қатысқан оқушылар сертификаттарға ие болды. Марапаттарыңыз құтты болсын!