Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі. 1- сыныпқа құжаттарды қабылдау 2023 жылдың 1 сәуірінен басталады. Мемлекеттік қызметті көрсету нысыны – электрондық, портал арқылы https://akmola.kz/. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1. Ата-анасының біреуінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) өтініші;
2. өтініш берушінің (ата-анасының немесе қамқоршысының) жеке басын куәландыратын құжат;
3. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4. Көлемі 3х4 см 2 дана баланың сандық фотосуреті;
5. № 063/е және № 026/е-3 нысанындағы денсаулық жағдайы туралы құжаттары;
Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барлық мәселелері бойынша аудандық білім бөліміне 8(71639) 2-16-26 байланыс телефоны бойынша хабарласуға болады.