Текст
2020 жылы 22 қаңтар күні Біржан сал ауданында мектеп оқушылары арасында "Жастар -2020" спартакиадасының баскетбол спорттық ойыны бойынша өткен сайыс өз мәресіне жетті. Тартысты өткен сайыста жүлделі І орынды қалалық №1 орта мектеп, ІІ орынды Макинка орта мектебі, ІІІ орынды Амангелді орта мектебінің оқушылары жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Ақпан айында ауданымыздың атын облыстық деңгейде қорғайтын қалалық №1 орта мектептің жеңімпаз оқушыларына сәттілік тілейміз!