"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен-экоблогермін» облыстық онлайн-байқауын өткізді

23.01.2024

17-18 қаңтар аралығында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Мен-экоблогермін» облыстық онлайн-байқауын өткізді. Онлайн-байқаудың мақсаты: білім алушыларды әлеуметтік желі арқылы табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетін және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. 1. «Мен – блогермін» номинациясы бойынша ауданымыздың Макинка ауылының ЖОББМ  7-сынып оқушысы Кенесбаева Амира және  Бұланды ауылының ЖОББМ 5-сынып оқушысы  Қанат Дастан жүлделі ІІ орын; 2. «Экомультфильм» номинациясы бойынша ауданымыздың  Бұланды ауылының ЖОББМ 3-сынып оқушылары Бақытжан Жалғас, Коновалова Злата, Қанат Алдияр, Тихомирова Карина және Еңбекшілдер ауылының ЖОББМ 4-сынып  оқушысы Хаймулдинов Айдархан жүлделі ІІ орын; 3. «Масс-медиа айнасында» номинациясы бойынша ауданымыздың Бұланды ауылының ЖОББМ 9-сынып оқушысы Смайыл Карім жүлделі ІІ орын; 4. «Қыста құстарды тамақтандыр» номинациясы бойынша ауданымыздың  Аңдықожа  батыр ауылының ЖОББМ 7-сынып оқушылары Панчук Юрий, Волощук Кристина, Барчук Екатерина жүлделі І орын иеленсе,  Аңғал батыр ауылының ЖОББМ 5-сынып оқушылары  Сарсембай Алидар, Әшім Ілияс, Батхаш Санжар жүлделі ІІІ орынды ұтып алды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Талмас талап, биік шыңдарды бағындыра берулеріне тілектеспіз!!!

 

 

Просмотров: 1582


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст