«Кәсіп түбі –нәсіп »
2018 жылғы 27 сәуір күні ауданымыздың оқу–өндірістік комбинатының ғимаратында «Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасына енетін «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында Біржан сал ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұлттық қолөнер бұйымдарын қолдану аясын кеңейту және оны дамыту, Ұлттық
салт –дәстүрлерімді және ұлттық құндылығымызды жас ұрпақтың бойында мәңгі сақтау мақсатында аудандық білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Кәсіп түбі— нәсіп» атты шығармашылық байқауын өткізді.
Байқауға білім беру ұйымдарының 13-18 жас аралығындағы жеңімпаздары атанған 22 оқушы қатысты.
Он саусағынан өнер тамған жас қолөнер шеберлері бақтарын сынаған бұл байқау жоғары дәрежеде өтті. Байқауда қазылық еткен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бермағанбетов Самат Қайырбекұлы жас таланттардың өнеріне тамсанып, алдағы уақытта қолөнер шеберлері бұйымдарының аукционын ұйымдастыратынын мәлімдеді. Осындай жас өнерпаздарымыз көп болсын!