"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аудан-қ білім беру ұйымдары жанындағы қамқоршылық кеңестерінің жұмысы туралы ақпарат

08.04.2019

Аудандық білім беру ұйымдары жанындағы қамқоршылық кеңестерінің жұмысы туралы ақпарат

Білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 "Біржан сал ауданының білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңесіне өзгерістер енгізу туралы" туралы бұйрығы негізінде білім бөлімінде 2018 жылғы 26 қазандағы №06-05/120 бұйрық құрылды. Бүгінгі күні ауданда жалпы 2317 баланы қамтитын 28 мектеп бар. Барлық 28 мектепте және 3 балабақшасында қамқоршылық кеңестер құрылған.

Мысалы, Еңбекшілдер орта мектебінде жеке кәсіпкерлер жаңа жылға балаларға сыйлық таралды. Акция аясында аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға кеңсе тауарлары, сонымен қатар сыртқы киім сатып алынды. Наурыз мерекесіне 15 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді, сонымен қатар 1-11 сынып оқушылары аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 37 оқушыға 300 000 теңге сомасына аяқ киім сатып алынды. Жазғы уақытта мектеп жанындағы лагерьге азық-түлік, ойыншық сатып алуға қаржы бөлінді. Мектеп түлектері (Курмангалиев М. М. Хайсин) аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 37 оқушыға сыртқы киім түрінде 250 000 (спорттық костюм, мектеп формасы, аяқкиім, кеңсе тауарлары және мектеп рюкзактары) демеушілік көмек көрсетті.  Сондай-ақ, Құрманғалиев Мырзабек 300 000 теңгеге мұқтаж отбасыларға ет өнімдері (жылқы еті) түрінде көмек көрсетті. Туристік экспедицияны ұйымдастыру кезінде Құрманғалиев Мырзабек экспедицияға қатысушыларға 90 000 теңгеге 11 дана туристік костюм сатып алды. 2018-2019 оқужылы "Мектепке жол" акциясы барысында мектеп түлегі Хайсин Мұрат мектепке арналған сыртқы киім және оқу құралдары түрінде 465 000 теңге (30 оқушы) көлемінде демеушілік көмек көрсетті. "Қамқорлық" акциясы кезінде осы мектептің түлегі аз қамтылған отбасынан шыққан 15 оқушыға және үйде оқитын мүгедек балаға (Сүлейменов А. 1 сынып оқушысына) жалпы сомасы 337 000 теңгеге материалдық көмек көрсетті.

№ 2 қазақ орта мектебінде 2018 жылдың желтоқсан айында жеке кәсіпкер"Кабдуллин"жылу жүйесін ағымдағы жөндеуге, сорғыларды орнатуға, кеңейткішті көтеруге көмек көрсетті.  "Семізбай-У" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1-4 сыныптардың 100 баласына жаңа жылға сыйлықсатып алды және аниматорлардың қатысуымен жаңа жылдық бағдарламаны өткізді, жалпы көрсетілген сомасы 1 000 000 теңге.

Бірсуат орта мектебінде "Баймырза - Агро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аз қамтылған отбасыларынан және көп балалы отбасылардан шыққан 65 оқушы үшін жаңа жылға 104 000 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті, сондай-ақ 11 000 теңге сомасына 3 қап ұн сатып алынды. "Аққу" және "Лаура" жеке кәсіпкерлерімен көп балалы отбасынан шыққан 3 оқушыға 9 000 теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Заураловка негізгі мектебінде "Агро Баймырза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіжаңа жылға30 оқушыға сыйлықтар мен 10 000 теңгеге2 қап ұн сатып алды. 

Яблоновка, Заураловка, Баймырза негізгі мектептерінде "Агро Баймырза" ЖШС 110 оқушы үшін(1-9 сынып), 165 000 теңге көлемінде жаңа жылғасыйлық үлестірді.

Заозерный негізгі мектебінде "Көкше Цемент" ЖШС (қамқоршылық кеңесінің мүшесі) Жаңа жылға 40 мың теңгеге 1-4 сынып оқушыларына (25 балаға) сыйлықтар сатып алды.

Құдықағаш орта мектебінде "Агро Баймырза" ЖШС жаңа жыл және Наурыз мерекелеріне жетім балаларға, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың балаларына сыйлықтар алуға 35 мың теңге қаржылайкөмек көрсетілді. Қысқы уақытта жолдарды тазалау үшін автокөлік бөледі.

Қызылұйымауылының тұрғыны Жакенов Мейрам Әміржанұлы негізгі мектепке  200 000 теңгеге2 плазмалық теледидар және 6 000 теңгеге мектеп шыршасына гирляндалар сатып алды.

Қазгородок орта мектебінде жеке кәсіпкер Құрманбаев Тимур Зиябекұлы 1 сыныпқа жаңа жылға 15 сыйлық, футбол және баскетбол доптары, глобус, географиялық карталар 50 000 тенгеге сатып алды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жакенов Мейрам Әміржанұлы 150 әдеби кітап, 3D принтер, 4 плазмалық теледидар, 2 ойын приставкасы, киіз стенд800 000 теңгеге сатып алды. "Сапфир" жеке кәсіпкері 35 000 теңгеге пластикалық шырша сатып алды. Еңсебаев Руслан Сәтпекұлы робототехника кабинетіне 5 компьютер сатып алды.

Мақпал негізгі мектебінде "Байгара" ЖШС, "Тұрсын" жеке кәсіпкер 53 оқушыға (1-9 сыныптар) жаңа жылға60000 теңге көлеміндежаңа жылдық сыйлықтар сатып алды, "Кочергин" жеке кәсіпкері түтін сорғыш моторын ауыстыруға 150 000 теңгеге көмек көрсетті.

Невский орта мектебінде жеке кәсіпкер "Кочергин" 200 000 теңгеге қазандық жабдықтарын жөндеуге көмек көрсетті.

Шәрәпи Алжанов атындағы Сәуле орта мектебінде "Сауле -2008" ЖШС-і жетім балаларға, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға азық-түлік сатып алуүшін 100 мың теңге бөлді, "Баймырза Агро" ЖШС-і 4 қапұн сатып алды, 52 оқушыға (1-9 сынып) 78000 теңге көлемінде жаңа жылға сыйлықтарды сатып алды, "Сауле 2008" ЖШС-і қарттар күніне 40000 теңге және бір қоймен көмек көрсетті. 

Қаратал бастауыш мектебінде "Таң" және "Тасболат" шаруа қожалығы 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Осы сомаға линолеум сатып алынды.

Алға негізгі мектебінде қамқоршылық кеңесінің төрайымы Бекенова Сара Махатқызы 50 мың теңге көлемінде көмек көрсетті.

2019 жылы мектептердегі Қамқоршылық кеңестері  ағымдағы жөндеу  жүргізу үшіндемеушілерді (ЖШС, ШҚ, ЖК) тарту бойынша жұмыстар жүргізеді.

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 08.04.2019 21:24
Құрылған күні: 08.04.2019 20:56

Текст