"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2024-2025 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша директорлар кеңесі болып өтті

04.11.2024

2024 жылдың қазан айының 31 күні "Кеңащы ауылының ЖОББМ" КММ-нің базасында Біржан сал ауданы білім бөлімінің жоспарына сай, 2024-2025 оқу жылының І тоқсан қорытындысы бойынша директорлар кеңесі болып өтті. Шараның өтуіне мектебіміздің барлық қызметкерлері жұмылдырылып, бір адамдай қызмет қылып, шараның жоғары деңгейде өтуіне ат салысты. Шара барысында мектебіміздің күрделі жөндеу жұмысынан кейінгі материалдық-техникалық базасы, безендірілуі жайлы тарих пәнінің мұғалімі Н.И.Әбілда таныстырылым жасаған болатын. Ал мектеп психологы Д.Б.Бермагамбетова білім бөлімінің қызметкерлері және мектеп директорларымен тренинг өткізіп, жайлы орта қалыптастырды. Содан кейін, жоспарлы кеңес отырысы өтті. Ал түстен кейін қонақтардың кұрметіне орай, мектеп ұстаздары мен оқушылары бірлесіп шағын концерттік бағдарлама қойды. Осыдай ауқымды шараның өтуіне үлес қосқан барша мектеп қызметкерлеріне мектеп әкімшілігі атынан алғыс жариялансын.

Просмотров: 179


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст