Текст
08.05.2026
2026 жылғы JasSkills Aqmola кәсіби шеберлік облыстық чемпионаты 4-6 мамыр күндері Көкшетау қаласындағы Bolashaq saraiy базасында өтті. Оған 12-17 жас аралығындағы жүзге жуық оқушы әр түрлі жанрлар мен бағыттар бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Біздің ауданнан мектептерден 3 команда қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Абай атындағы № 2 ЖОББМ 9-сынып оқушысы Базар М "Ағашқа көркем ою" номинациясы бойынша 3-орынды иеленді, жетекшісі Әнес Сұнхат. Үлгі ауылының 9-сынып оқушысы Гилёв А "Компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу" номинациясы бойынша 2-орынды иеленді, жетекшісі К.Н. Рахимжанов. Жеңімпаздар дәрежелі дипломмен, кубокпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!