Текст
2022 жылдың 3 қазан күні аудандық мәдениет үйінде білім беру саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Ұстаздар күні» аталып өтті. Салтанатты іс-шара мерекелік көңіл күймен басталып, аудан мектептерінің, балабақшалардың, қосымша білім беру ұйым педагогтарын марапаттап, бағалы сыйлықтар табысталды. Мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар ардагер ұстаздар қонаққа шақырылып, аудан әкімі Д.Б.Есжановтың атынан гүл шоқтарымен сыйлықтар ұсынылды.