"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ"  МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ     
ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОТДЕЛ ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ" 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мен – экоблогермін» аудандық онлайн-байқау

23.01.2024

Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Біржан сал  ауданы бойынша білім беру ұйымдары оқушылары арасында  әлеуметтік желі арқылы табиғатты қорғау қызметіне тарту, экологиялық мәдениетті және табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру мақсатында Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына арналған «Мен – экоблогермін» облыстық онлайн-байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқау 4 номинация бойынша өткізілді. 1. «Мен – блогермін» номинациясы бойынша І орын - Макинка ауылының ЖОББМ  7-сынып оқушысы Кенесбаева Амира және  Бұланды ауылының ЖОББМ 5-сынып оқушысы  Қанат Дастан; ІІ орын - Макинка ауылының ЖОББМ 7-сынып оқушысы Амангелді Айдана; ІІІ орын - Аңдықожа батыр ауылының ЖОББМ 3-сынып оқушысы Муканов Арыстан.                      

2. «Экомультфильм» номинациясы бойынша І орын - Бұланды ауылының ЖОББМ 3-сынып оқушылары және Еңбекшілдер ауылының ЖОББМ 4-сынып  оқушысы Хаймулдинов Айдархан; ІІ орын - Еңбекшілдер ауылының ЖОББМ 4-сынып оқушылары; ІІІ орын - Аңғал батыр  ауылының ЖОББМ 7-сынып оқушысы Калиев Ертарғын. 3. «Масс-медиа айнасында» номинациясы бойынша І орын - Бұланды ауылының ЖОББМ 9-сынып оқушысы Смайыл Карім және Макинка  ауылының ЖОББМ 11-сынып оқушысы Карташов Роман; ІІ орын - Аңғал батыр ауылының ЖОББМ 6-сынып оқушысы Садуова Жасмин және Аңдықожа батыр ауылының ЖОББМ 6-сынып оқушысы Болатбек  Бейбарыс; ІІІ орын - Аңғал батыр ауылының ЖОББМ 7-сынып оқушысы Күлен Аружан және 10-сынып оқушысы Неғмет Айнара. 4. «Қыста құстарды тамақтандыр» номинациясы бойынша І орын - Аңғал батыр ауылының ЖОББМ 5-сынып оқушылары және Аңдықожа  батыр ауылының ЖОББМ 7-сынып оқушылары; ІІ орын -  Аңғал батыр ауылының ЖОББМ 6-сынып оқушысы Мұқатай Жігер және  Бұланды ауылының ЖОББМ 5-сынып оқушысы Торгаутов Диас; ІІІ орын -  Бұланды ауылының ЖОББМ 4-сынып оқушысы Оразгалиев Саян, Аңғал батыр ауылының ЖОББМ 7-сынып оқушысы Мерекеев Жандаулет және 6-сынып оқушысы Талғат Мирас алды. Әр номинациядан алған І орындағы жұмыстар облыстық кезеңге ұсынылды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!!

Просмотров: 1558


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст