2020 жылы 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Біржан сал ауданының білім беру мекемелерінде «Адалдық сағаттары» республикалық акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты: қоғамда, әсіресе өскелең жастар арасында "парасаттылық принциптерін ілгерілету», «парасаттылық, әділдік, шынайлық» ұғымдарын трендке айналдыра, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Аталған іс-шараға аудан мектептеріндегі "Әкелер кеңесі", "Әжелер" клубының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары мен белгілі тұлғалар шақырылды. Осындай акциялардың өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен бағыт- бағдар беру үшін тигізер пайдасы мол екеніне сенімдіміз.